jasqazaq.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

22 мамыр 2023, 20:09

Жалпы қалада 19 «ГраМад», 31 «Магнум» сауда желісінде тауарлардың әлеуметтік бағасы бекітілген. 100-ден астам сауда нысанымен келісім жасалған.

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, тұрақтандыру бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері, жұмысшы топ алдымен халық тығыз орналасқан «Шымсити» шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады. Онда нан 90 теңге, сиыр еті 2350 теңгеден сатылып жатыр. Сауда нүктесі 2019 жылы ашылған болатын. Мұнда жалпы әлеуметтік бағада 12 тауар түрі бар.

Шаһарда бірінші қажетті азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандары, сауда желілері, үй маңындағы дүкендер, жергілікті тауар өндірушілермен келісімдер жасалған.
«Маркет» сауда орталығының басшысы Ақерке Байтұрсынованың айтуынша, күн сайын дүкенге 250-ге жуық нан жеткізіледі. Күн сайын әлеуметтік бағада 30 кг ет, 1200 дана жұмыртқа сатылады. Алда сауда орталығының үшінші желісін ашу жоспарда тұр.

Ал «ГраМад» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар 13 тауар белгіленген бағада сатылуда. Мәселен, арзандатылған тауарлар қатарында нан – 90 теңге, шекер – 410 теңге, пияз – 180, ас тұзы 48 теңге, қырыққабат 80 теңге деп белгіленген. Жалпы қалада 19 «ГраМад», 31 «Магнум» сауда желісінде тауарлардың әлеуметтік бағасы бекітілген. 100-ден астам сауда нысанымен келісім жасалған.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Ханиевтің айтуынша, бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда. Жергілікті кәсіпкерлермен 1 жылға келісімшарт түзіліп, оларға айналым қарыз қаражаты берілген. Комиссия шешімімен әр тоқсан сайын нарықтағы бағалар зерделенеді. Әлеуметтік бағалар әр тоқсанға бекітіледі.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі