jasqazaq.kz

Әлемнің 34 елінен келген волонтерлер Астанада бас қосты

20 маусым 2023, 11:12

Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумы басталды.

Шараның ашылу салтанаты алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадіров форумға волентерлерден бөлек 50-ге жуық шетелдік спикер келгенін айтты.

«Бүгін, ертең екі күн қатарынан өтетін волонтерлер форумында 34 елден 140-тан астам ерікті қатысқалы отыр. 50-ге жуық шетелдік спикер келді. Қазақстанның әр өңірінен іріктеуден өткен еріктілер келіп отыр. Негізінен бүгінгі іс-шарада 400-ден аса қатысушы жиналған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Халықаралық влонтерлерді жинау жылын жариялау туралы бастама көтерген. Соған байланысты былтыр Орталық Азия волонтерлер форумы өтті. Биыл, міне, Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр», — деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, форум аясында волонтерлік қозғалыстың халықаралық деңгейдегі түткілді мәселелері талқыланбақ.

«Ең басты мақсат – волонтерлік қозғалыс бағытындағы өңірлік көшбасшы ретінде басқа елдермен тығыз байланыс орнату, ақпарат пен тәжірибе алмасу, волонтерлер алдында халықаралық деңгейде тұрған мәселелерді бірге ортаға салып шешу», — деді Данияр Қадіров.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі