jasqazaq.kz

Александра Скороходова: Биік белестерді бағындырғым келеді

01 ақпан 2024, 12:49

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік жарыстарда тау шаңғысы спортынан үздік нәтиже көрсетіп жүрген ұлттық құрама сапындағы спортшымыздың бірі – Александра Скороходова. Ол жасөспірімдердің Олимпиадасында әлемдегі ең үздік алғашқы он спортшының қатарына қосылды. Біз Францияда әлемдік додада бағын сынап жатқан жас спортшыға хабарласып, әңгімелестік.

Jas Qazaq: Александра, жасөспірімдер Олимпиадасындағы жетістігіңізді қалай бағалайсыз?

Александра Скороходова: Олимпиададағы жетістіктігімді өте жоғары деп бағалаймын. Өйткені мен тынбай жұмыс істеп, жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Гигант-слаломда бірінші мүмкіндікте қате жібергеніме қарамастан, бесінші орыннан көріндім. Екінші мүмкіндікте бойымды жинап, бірінші жіберген қатемді қайталамауға тырыстым. Дегенмен де бірінші жіберген қателігімнің кесірінен жеңіс тұғырынан көріне алмадым. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Өйткені әлемдік үздік спортшылармен бәсекеге түстім. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын, алда биік белестерді бағындыруға бар күшімді саламын. Спортта ең бастысы тер төгіп еңбек етуің керек. Алдағы әлемдік додаларға қарқынды дайындаламын.

Jas Qazaq: Еліміздегі тау шаңғысы спортының болашағы, дамуы туралы айтып берсеңіз?

Александра Скороходова: Еліміздегі тау шаңғысы спорты дамып келе жатыр. Мен өзімізден кейін өсіп келе жатқан жас спортшыларға үлгі болғым келеді. Ол үшін үздік нәтижелер көрсетіп, осы спортқа деген қызығушылық танытқан жастарды соңымнан ерткім келеді. Болашақта әлемдік додаларда жоғары көрсеткішке қол жеткізетін ұлттық құрама қалыптасады деп үміттенемін. Елімізде тау шаңғысы спортының қарқынды дамуына өз үлесімді қосамын.

Спортты дамытуға жан-жақтан қолдау керек. Ал бізде спортқа қолдау бар. Мәселен, Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының спортты дамытуға мүмкіндігі мол. Бұл курорт біз сияқты жас спортшыларға үлкен мүмкіндік ашып берді. Сондай-ақ тау шаңғысы спортына қызығушылық танытқан жастарымыздың қатары көбейетініне сенімдімін. Бізге тау шаңғы спортын дамытуға «Самұрық-Қазына» қоры қолдау көрсетеді. Спорт әлемдік аренаға елімізді танытатын бірден бір тетік. Біз спортты қолдауға бөлінентін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Ал спортшылар тынбай еңбектеніп, нәтиже көрсетуі тиіс. Осының барлығы біздің жас спортшыларымыздың бойында бар. Мен Қазақстан жастарының спорт биігінде жоғары нәтижеге қол жеткізетініне сенемін. Бізде спортты дамытуға база бар. Енді тек еңбектену керек. Елімізді әлемдік деңгейге көтеру үшін аянбай еңбек етеміз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

 

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства