jasqazaq.kz

Алдағы үш жылда аулалар толық абаттандырылмақ

29 тамыз 2023, 15:42

Шымкент қаласында көгеріштендіру, көріктендіру санитариялық айлығымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру жұмыстары да бірге жүргізілуде. Кеше Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Әл Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде осы шаһарда абаттандыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өткен болатын.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды», деп атап көрсеткеніні баршаға аян. Сондай-ақ Президенттің бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы өңірде кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Президенттің осы тпсырмасына біздің Шымкент қаласына қарасты шағын аудан тұрғындары да өз үлестерін қосып келеді. Бүгінге дейін қала аумағында ондаған гектарға жуық алқапқа тал-дарақ отырғызылып, бірнеше бақ бой көтерді, — дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Бұл аталған аудан құрамына 10 елдімекен қарайды. Ондағы көпқабатты тұрғын үй саны 926. Қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салыныпты. Биыл 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылмақ. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарланған. Аталған аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталмақ.
— Бүгінгі таңда 230 мыңнан аса халқы бар аудан ауыз су және электр жарығымен толық қамтылған. Қазір Сәуле шағын ауданындағы №276 орамда газ құбырлары жүргізілуде. Биыл газдандыру құрылысы толық аяқталып, ауданда табиғи газ мәселесі түбегейлі шешілетін болады. Аудан аумағында су басу қаупі бар 42 орын анықталған. Қазір 5 көшені ирригациялық жүйлеремен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қалған қауіпті аумақтарға қатысты жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр, — дейді қала басшысы.

М. Дүйсенбекұлы тұрғындар тарапынан түскен барлық сұрақтардың назарға алынатынын жеткізіп, аудан әкіміне, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Халық пікірін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдауды ескертті.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры