
Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «KazSport» арнасының алдағы жұмыс барысымен бөлісті. Бұл жаңалық барша спортсүйер қауым үшін аса маңызды екені анық!
«KazSport» телеарнасы 2017 жылғы 7 наурыздан бастап күллі жанкүйерлер көз тіккен Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтарын көрсетуді бастайды. Осы көктемде аталған турнирлердің 1/8, 1/4, 1/2 финалдарының 50 ойыны трансляцияланады. Ал келесі маусым «KazSport» телеарнасында толықтай көрсетілмек, деп жазды министр Facebook желісіндегі өзінің парақшасында.
caravan.kz