jasqazaq.kz

Алда атқарар шаруа ауқымды

24 сәуiр 2023, 9:59

Үкімет үйінде Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 сәуірдегі елдің экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелеріне қатысты айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тұрғындардың шағымдарын әлеуметтік шиеленіске дейін жеткізбей, байыпты түрде шешу керек. Бұл, әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру және еңбек қатынастарына қатысты. Бұған Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталықтары ықпал ететін болады. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары халықтың проблемаларын шешу үшін осы ресурсты тиімді пайдалануы тиіс, – деген Үкімет басшысы алдағы міндеттің бірі инфляция деңгейін жыл соңына дейін екі есе төмендету екенін атап өтті. Азық-түлік бағасын тұрақтандырып, қымбатшылыққа жол бермеуді қатаң қадағалау қажеттігін де ескертті. Өңір әкімдері сауда және интеграция министрлігімен тізе қосып өндірушіден шыққан тауардың тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықтағы алыпсатарлық жүйеге тоқтам қою қажеттігін де ескертті.
«Тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылым құрып, көкөніс қоймаларының құрылысын кеңейту қажет. Барлық өнімсіз делдалдық схемаларды жою керек. Баға белгілеудегі делдалдық тізбектерді тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялар бағаның негізсіз өсуіне қарсы дер кезінде шара қолдануы тиіс.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар негізгі мақсат-міндеттерді айқындап берді. Оларды тиімді шешу үшін біз ең маңызды деген салаларда реформаларды іске асыруымыз керек. Реформалардың түпкі нәтижесі халықтың табысын ұлғайту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың жан-жақты дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту арқылы азаматтардың тұрмыс сапасын барынша жақсарту болуы тиіс. Барлық өзгерістерді іске асыру мақсатында қуатты нарықтық экономиканы, оның ішінде өсудің жаңа қосымша көздері есебінен белсенді дамыту қажет. Қазіргі жағдайда біз нақты нәтиже көрсетуіміз керек, қоғам бізден нақты және пәрменді шаралар күтеді», – деді Ә.Смайылов.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура