jasqazaq.kz

Алаяқтық дерегі бойынша: ақын Балғынбек Имашевтің ұлына қатысты ақпарат тарады

09 сәуiр 2025, 18:52

Сурет: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық дерегі бойынша іске қатысы бар деген  ақпарат тарады.  Бұл туралы Baq.kz жазды.

Желіде тараған ақпараттарға сәйкес, туристер ақынның ұлы Данияр Имашев атқарушы директор болып қызмет ететін «Qazaq travel» компаниясының үстінен шағым түсірген. Яғни бүгін қасиетті мекенге ұшуы тиіс болған туристерге компания олардың ешқайда ұшпайтынын мәлімдеген.

Нақты кімнің баласы екендігі туралы ақпарат белгісіз. Алаяқтық дерегі бойынша қазіргі таңда Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде қылмыстық іс тергелуде. Ресми түрде 50-ге жуық азамат арызданды. Қазіргі таңда Қылмыстық іс жүргізу Кодексімен көзделген барлық тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Істің объективтілігі мән-жайы анықталып, процессуалды шешім қабылданатын болады, — деп жауап берді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалына.

Ведомствоның мәліметінше, Алматының өзінде Мәдина мен Меккеге ұша алмаған 50-ден астам адам шағым түсірген.

Алматыдан бөлек, арыздарын Бас прокуратураға жолдағалы отырған астаналық бір топ турист іске компанияның атқарушы директоры Данияр Имашевтің әкесі ақын Балғынбектің араласқанын айтты.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі