jasqazaq.kz

Алаяқтарға ең көп алданған аймақтар

10 қазан 2023, 10:40

Алаяқтық Қазақстанда құқық қорғау органдары анықтайтын ең көп таралған қылмыстардың бірі болып саналады. Бас прокуратураның мәліметінше, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде алаяқтықтың үлесі 30%.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендегені байқалған. Дегенмен мұндай қылмыстар әлі де ашылған қылмыстардың үштен бір бөлігіне тең болып тұр.

Аймақ бойынша ең көп алаяқтық Алматы қаласында тіркелген. Бұл қалада жыл басынан бері 6742 осындай құқық бұзушылық тіркелген. Екінші орында Астана қаласы тұр. Ол қалада 5358 алаяқтық тіркелген. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (2590 алаяқтық), Шымкент қаласы (1921 алаяқтық), Алматы облысы (1836 алаяқтық) тұр,

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде:15 603 ер адам, 19 020 әйел адам. 102 кәмелет жасына толмаған бала алаятардық құрығына ілінген. Тағы 291 мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар. Алаяқтар зейнеткерлер (1714 адам) мен мүгедектерді (8 адам) де аямаған екен.

Бас прокуратура интернет-алаяқтық фактілері 1,5%-ға төмендегенін жеткізді.
«Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73%-ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт тіркелген. Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да қылмыстардың төмендегені байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға аз», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі