jasqazaq.kz

Алаяқтардың курьері

08 тамыз 2023, 9:54

Қарағанды облысының полицейлері алаяқтарға жұмыс істеген «курьерді» құрықтады. Бұл жайында Polisia.kz сайты мәлім етті.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне 5 тамыз күні 75 жастағы зейнеткер арызбен жүгінді. Жәбірленушіге өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына ұшырағанын айтқан. 50 жастағы қызының кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оны қылмыстық жауапкершілектен босату үшін ақша талап еткен. Кейін хабарласқан белгісіз адам телефон тұтқасын әйел адамға берген. Оның дауысы жәбірленушінің қызының даусына ұқсас болған. Абдыраған жәбірленуші үйінде зейнетақысынан жинаған 19 000 еуро және 14 700 АҚШ доллары барын айтқан. Сол кезде хабарласқан адам оның үйіне «курьер» баратынын айтып, ешқайда шықпауын ескерткен.
Жедел әрекеттер барысында Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні Астана қаласындағы банкоматтардың бірінде ақша салып жатқан жерінен ұстады. Оның 19 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды. Жігіт ақшаның қандай жолмен келіп жатқанын білген. Ұсталған сәтте күдіктіден 17 800 евро және 115 000 теңге ақша тәркіленді.
«Өкінішке орай, алаяқтық туралы ескертулерге қарамастан, алданып қалған адамдардан әлі де арыздар түседі. Жыл басынан бері Қарағанды қаласында «жол-көлік оқиғасына түсті және қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет» деген желеумен алданып қалу дерегі бойынша 80-нен астам арыз тіркелді. Жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы істерге қатысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталса, оның бесеуі – кәмелеттік жасқа толмағандар болса, 13-і – такси жүргізушілері. Егер де сіздерге белгісіз адамдар хабарласып, «балаңыз немесе жақын туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті, жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет» деген қоңыраулар болса, бірден телефон тұтқасын қойып, 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймын», — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста