jasqazaq.kz

Алаяқ жігіт дауысын өзгертіп алдаған (Видео)

24 қараша 2023, 11:44
Фото: polisia.kz

Атыраудағы полицейлер алаяқтың дауысын өзгертіп, телефон арқылы қалай алдайтынын көрсетті. Polisia.kz Телеграм-каналы жазғандай,
18 қарашада криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Hi-Tech» іс-шарасы кезінде Krisha.kz сайтында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 27 жастағы күдіктіні ұстады.
Күдікті ер адам болса да дауысын өзгертіп, жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған.
Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды.
ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі