
Алаяқ заңгер 111,5 млн теңге жымқырып, соттан қашып кеткен. Бұл туралы zakon.kz Алматы қаласы Медеу аудандық сотына сілтеме жасап хабарлайды. Айыпталушы заңгерлік салада қиындыққа тап болған жандардың жағдайын шешуге уәде берген. Қызметін шынайы көрсету үшін, Алматының қымбат ауданынан кеңсені жалға алыпты. Тіпті қызметкер мен оққағар жалдап адамдардың сендірген. Оған сенген жұрт қомақты қаржысын алаяқ заңгерден аямапты. Оның арбауына түскен азаматтың бірі, 180 миллион теңгені қайтарып алу ісін тапсырған. Нәтижесінде айыпталушы азаматтың сеніміне кірген. Нәтиженің оң болатынын айтып 183мың долларын алған еді. Тіпті азаматты сендіру үшін соттың жалған шешімін көрсетеді. Ал, шын мәнінде ол іс бойынша шешім сотта өзгерусіз қалған. Алаяққа алданған жанның тағы бірі аса ауыр қылмыс бойынша күйеуінің жазасын жеңілдетіп беруіне 1000доллар беріпті. Алайда бұл қылмыс бойынша да жаза өзгерусіз қалған екен.
Іс материалдарына сүйенсек, 2008-2014 жыл аралығында алаяқ заңгер 21 азаматтан 111317090 теңге алған. Бірақ сот отырысы аяқталмай жатып, айыпталушы ізін жасырады.
Қазіргі таңда алаяқтың 6млн 219мың теңге тұратын көлігі, Алматыдағы 25 млн 458 мың теңгеге бағаланған 3-бөлмелі пәтері және қала сыртындағы 6,9 млн теңге тұратын үйі мемлекетке қайтарылады.