jasqazaq.kz

Алаяқ танымал дәрігердің атын жамылып, жарнама жасаған

25 наурыз 2017, 10:20

Соңғы бірнеше айдан бері интернетте Қазақстанда аты танымал дәрігерлердің жалған сұхбаттары жарияланып жүр. Алаяқтар фейк парақшалар арқылы түрлі дәрі-дәрмектер сатып келген.  Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Еңбер ері, алыс-жақын шетелге есімі белгілі кардиохирург Юрий Пя сондай «сұхбаттың» кейіпкеріне айналды. Жалған сұхбатта кардиохирург гипертониядан емделуге болатын дәрінің атын атады деп айтылған. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, қызметкерлер ол ақпаратты жоққа шығарды.  ҚазАқпарат хабарлағандай, орталық төрағасы Юрий Пя ешқандай жарнамаға түспеген, ешкімге сұхбат бермеген. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, орталық қызметкерлері бір жылдан бері осындай фейк парақшалармен күресіп келеді екен. «Біз полицияға арыз түсірдік. Мәселенің мән-жайын полиция анықтап жатыр. Орталықтың заңгерлері мәселені қадағалап отыр. Яғни, бір күн ғана жұмыс істейтін сайттар ашылады да танымал адамдардың атын жамылып, жарнама береді. Осыған дейін біздің кардиолог Махаббат Бекбосынова, нейрохирург Серік Ақшолақов пен бірнеше алматылық дәрігердің атын жамылған жарнамаларды көрдік»,-дейді маркетинг және бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Әсел Мәжібаева. Әселдің айтуынша, фейк парақшалар көбіне емдік қасиеті бар білезіктерді, таблеткалар мен шәрбаттарды жарнамалаған. «Бағасы удай бұндай заттарды сатып алып, алаяқтарға алданған адамдар бізге хабарласып жатады»,-дейді ол. Бұндай жарнамалармен қалай күресуге болатындығын анықтау үшін «ҚазАқпарат» агенттігі Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде