jasqazaq.kz

Алаш базары маңына жер асты өткелі салынып жатыр

30 маусым 2023, 14:46

Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Еліміздегі автомабиль жолдарының құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған емес. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр», деген болатын. Мемлекет басшысының өңірді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жол құрлысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыстар қарқын алған. Алащ базар маңындағы жер асты өткелі жол кептелісін болдырмау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын тексерді. Жер асты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, қала көркі мен тәртібіне нұқсан келтіріп тұрған заңсыз сауда қатарларын ретке келтіру мақсатында әр ауданда жұмысшы топ құрамы бекітілген. Мұндағы комиссия шешіміне сәйкес, рейдтік іс шаралар жүргізіліп, заңсыз нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған жиын барысында әр аудан бойынша ретсіз сауда орындарын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Мәселен, қала бойынша 1 500-ге жуық заңсыз сауда орындары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға 1125 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 200-ден аса кәсіпкерге айыппұл салынып, 5 миллионға жуық айып суммасы өндірілген. Нақтырақ айтсақ, заңсыз әрі ретсіз сауда қатары қаланың базарларында («Қырғы базар», «Жабық базар», «Авто Нұр», «Жібек жолы») жиі кездеседі. Сондықтан базар айналасындағы ретсіз сауда жасаған тұлғаларға аудан аумағында ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде сауда жасауға ұсыныс берілуде. Сонымен қатар ескерту берілген азаматтарға алдағы уақытта базар ішінен сауда орындарын тауып жайғастыру бойынша жұмыстар жүргізілген.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос вакансиялардың арқасында тұрақты жұмысқа орналасқан тұрғындар да бар. Ретсіз сауданы ретке келтіру мақсатында әлі де жұмыстар атқарыла бермек. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қала тазалығын сақтау және абаттандыру үшін ең алдымен көшелердегі бей-берекет орналасқан сауда нүктелерін болдырмауды қол алып, тиісті шара көруді, барынша қаланың даму жолында жауапкершілік танытуды тапсырды.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее