jasqazaq.kz

Алан Әжібаев жаңа қызметке тағайындалды

19 тамыз 2016, 15:45

ьить

 

Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне Алан Әжібаев тағайындалды. Бұл туралы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қымбатты достар! Мына бір елеулі жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қояйын, ақпарат саласына жауапты вице-министр қызметіне Алан Ғазизұлы Әжібаев тағайындалды.

Алан Әжібаевты журналистер қауымы етене танитыны анық.

Еңбек жолын ол 90-шы жылдардың ортасында «Макс» радиосында қарапайым радиожүргізуші қызметінен бастап, «31 арна» телерадиокомпаниясында бағдарламалар редакторы, кейінірек тележүргізуші болды. Әр жылдары «Караван» радиосын басқарды, «ТАҢ» телерадиокомпаниясында» және «Тенгри ФМ» радиосында бас продюсер болды. Кейінгі жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерін басқарғанын білесіздер.

Бүгінгі күні бұл сала бойынша алдымызда бірқатар маңызды міндеттер тұр. Алан Ғазизұлының журналистік қызметтегі мол тәжірибесі мен біліктілігі осы міндеттерді табысты жүзеге асыруға негіз болады деп сенемін. Еңбегінің жемісті болуына тілектеспін!», — деп жазды министр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде