jasqazaq.kz

Алагөзов: Ол менің өмірімді өзгертіп жіберді

18 қантар 2017, 0:45

Тұрсынғали Алагөзов Instagram желісіндегі парақшасында әйел адаммен түскен суретін жариялады. Суреттің сипаттамасында «Ол менің өмірімді өзгертіп жіберді» деп жазған. Суретте ол әйел адамның Баян Мақсатқызы екенін растап, аккаунтын белгілеп қойған.

tengrinews.kz хабарлағандай, желі қолданушылары да бұл суретте қазақстандық белгілі продюсер Баян Есентаева бейнеленген деп отыр. Айта кетейік, бақыт тілеп жатқан оқырмандарына Алагөзов рақмет айтты.

Айта кетейік, осыған дейін продюсер Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің қарым-қатынасы жайлы кейбір БАҚ-тар жаза бастаған болатын. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, Тұрсынғали Алагөзов 1969 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. Благовещенскіде борышын өтеген. Ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы механизация мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ, Қытайдың Сиань қаласында Солтүстік-Батыс университетінде оқыған. Алагөзов бизнесмен және бүгінгі таңда «Galanz Bottlers» АҚ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Ал оның әкесі Тұрым Алагөзов белгілі композитор, дирижер, ҚР Композиторлар одағының мүшесі.

Осыған дейін басылымдарға берген сұхбатында Тұрсынғали Алагөзов 20 жаста үйленгенін мәлімдеген. Сонымен қатар, бизнесменнің екі баласы бар екен.

Алайда Баян Есентаеваның өзі Алагөзовпен қарым-қатынасы жайлы ешқандай пікір білдірген жоқ.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде