Әкім Тұрсұн: Тұрғындардың өтініші маңызды

15 қараша 2023, 14:51

Алматы қаласының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының жүзеге асуын, жергілікті бюджеттің орынды жұмсалуы мен қала тұрғындарының қордаланған мәселелерін шешуге ықпал ететін жергілікті өкілетті орган — Алматы қаласының мәслихаты. Біз Алтау ауданынан сайланған Алматы қалалық мәслихат депутаты Әкім Тұрсұнмен арнайы сұхбаттасып, мәслихат көтерген мәселелердің қалай шешіліп жатқанын сұрадық.

— Әкім Хазіретәліұлы, Алматы қаласы мәслихат депутаты ретінде қандай мәселелер көтердіңіз?

— Мен қаламыздағы білім, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік сала бойынша комиссияның мүшесімін. Нақты өзіміздің сала бойынша айтатын болсам, биылдан бастап барлық мектептерде бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылуда. Ал біздің Алматы қаласы 2021 жылдан бері бастауыш сыныптардың барлығын тегін тамақпен қамтып келеді. Биыл олардың қатарына әлеуметтік осал топтар, мүгедектігі бар, сонымен қатар көпбалалы отбасылардың балалары қосылды. Осыған байланысты қазіргі таңда тамақтанудың қаржысы бір орталыққа жиналып, оны цифрландыру жүзеге асып жатыр. Алматыда арнайы комиссия құрылып, құрамына қалалық білім басқармасы, қоғамдық кеңес пен қаламыздағы 8 ауданның әкімдері кірді. Мұндай қадамға баруымыздың себебі — қаржының тиісті жұмсалуын қадағалау. Одан бөлек, өздеріңіз білесіздер, кез келген адам, тіпті ата-ана да асханаға кіріп, ондағы жағдайларды видеоға түсіру фактілері көбейді. Әр аудандағы жауапты депутаттар қала мектептеріндегі асхананы тексеріп, ол жерде қандай олқылықтар бар, қандай мәселелері барын анықтайды. Мысалы, кейбір мектептердің асханасы тар болса, қосымша ғимарат салу жөнінде ұсыныс айтамыз. Осылайша, барлық мәселенің шешілу жолдарын қарастырмақпыз.

Алматы агломерациясы қарқынды өсіп жатыр. Осыған орай қалада балабақша жетіспеушілігі бар. Ал кей аудандарда балабақша көп. Қаламыздың шет аудандарында балабақша бар. Алмалы, Бостандық аудандарында балабақша жетіспейді. Осы аудандарда тұрғын үй салыну қарқынды. Балабақша мәселесін шешу үшін, Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 1-2 қабатын балабақшаға айналдыру жөнінде ұсыныс білдіріп жатырмын. Құрылыс компаниялары мен әкімшілік арасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында келіссөздер жүргізілуін ұсындық. Құрылыс компаниялары құрылысын бастаған кезде алғашқы траншты бөлу сынды ұсыныстарды айттық. Демек олар қаржының белгілі бір бөлігін алады. Егер біз осы мәселені шеше алсақ, қала орталығындағы тұрғын үйдегі ата-аналар балаларын жақын жерге бере алатын еді. Осы ұсыныс бойынша Алматы қаласындағы 8 ауданның білім басқарма басшыларымен, қаланың құрылыс басқармасымен екі рет жиын өткізіліп, осы мәселелер айтылды. Алдағы уақытта заңнамалық жағы қарастырылады. Бұл ұсыныс алдағы уақытта шешімін тапса, қаламыздағы әлеуметтік мәселенің шешілуіне сеп болады. Одан бөлек, Алатау ауданынан бір мандатты депутат ретінде сайланғандықтан, аудандық мәселелерді де көтереміз.

— Мәслихат депуттарына қала тұрғындары қандай мәселелермен көбірек жүгінеді? Шешімін тапқан түйткілдер бар ма?

— Қазір бізге тұрғындар көбінесе баспана, жол, газ түсіру сынды сауалдармен көп келеді. Олардың өтініші маңызды. Алатау ауданы бойынша айтатын болсм, көбіне кәріз жүйесі, жол салу, сумен жабдықтауға қатысты. Заңнамалық тұрғыдан кейбір үйлердің құжаттары жоқ. Сол себепті құжат заңдастыру бойынша өтініштер көп. Осы мәселелердің заңды шешілуін қадағалап, тұрғындарға бағыт-бағдар береміз. Жаңадан қосылған шалғай аудандарға қоғамдық көлік маршрутын ұзарту сынды ұсыныстар айтылады. Біз ол аудандарға барып танысып, халықтың көп бөлігі шоғырланғанын байқасақ, қоғамдық көлікті жүргізу мәселесі тез шешіледі. Жергілікті мәслихат деңгейінде көтерілетін мәселелер де бар.

— Қалалық деңгейде шешілуі тиіс қандай мәселені атар едіңіз?

— Білім әрі әлеуметтік сала бойынша инклюзивтік білім беруді қала әкімі Ерболат Досаев екінші сессия жиынында атап өтіп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Жиында қаламыздағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттарда, жол үсті өткелдерінде инклюзивтік қолжетімділікті жақсарту жағы айтылды. Ол дегеніміз, өткелдердегі лифтілер, пандустар, қоғамдық көлікке отыру сынды мәселелер. Мысалы, қаламыздағы жол үсті көпірлерінде лифтілер болғанымен, көбісі істемейді. Қазір қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қоғамда қажеттілік болғаннан кейін, баса назар аударылатын жұмыстар біртіндеп шешімін табуда. Алдағы уақытта да білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік саланы дамыту бойынша мәселелер қозғалып, шешімін табатын болады.

— Әңгімеңізге рахмет!

Мақпал Ноғайбаева

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді