jasqazaq.kz

Ақтөбенің Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

08 сәуiр 2024, 10:52


Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды. Бұл өңірдегі төтенше жағдай жарияланған алтыншы аудан. Бұл туралы Ақтобе қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе облысы бойынша әлі де жағдай тұрақты емес. Қарғалы өзені арнасынан асып, Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымында адамдар эвакуацияланды.

«Қарғалы су қоймасы толды және Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, Ақжар және Садовое тұрғын алаптары аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция мен әскерилер 140-тан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың 25-і бала», — деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.

Оның айтуынша, түні бойы Қарғалы өзені бойында орналасқан бау-бақша ұжымдарының үйін сақтау үшін су бұру, арнаны бекіту жұмыстары жүргізілді. Судың бағытын бөгеу жұмыстарына 80-нен аса әскери, мердігер компания өкілдері мен 10-ға жуық ауыр техника жұмылдырылды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ырғыз ауданында тасқын судан келген залал бар. Бүгін мұнда жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі