jasqazaq.kz

Ақтөбелік депутат мандатынан бас тартты

21 қыркүйек 2023, 11:50

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сания Мұратова мандатынан бас тарту үшін сайлау комиссиясына арыз түсірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сания Мұратова Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясына арыз түсірді.
«Сания Мұратова өз мандатынан бас тартатынын айтып, кеше арыз жазды. Заң бойынша депутат 8 түрлі себеппен өз өкілеттілігін тоқтата алады. Шетелге немесе басқа аймаққа көшіп кетсе, ҚР азаматы болмаса, депутаттық қызметін атқармаса, қылмыстық жауапқа тартылып, жазаланса, сот шешімімен мандатынан айырылса да қалалық мәслихатқа ұсыныс жіберіледі. Шешімді қалалық мәслихат қабылдайды»,- деді Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дина Қалмағамбетова.
Оның айтуынша, бүгін комиссия шешім қабылдап, ұсыныс жіберіледі.
«Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясына арыз түсірген соң бізге ұсыныс жіберіледі. Сессияда қаралып, депутаттар шешім қабылдайды»,- деді Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова.
Айта кетейік, егер Сания Мұратова депутаттық өкілеттілігін тоқтатса сайлау тағайындалғаны туралы қаулы 60 күн бұрын шағырылады. Содан кейін бір округте сайлау өтеді.
Еске салсақ, Сания Мұратова мас күйінде рульге отырып, жол-көлік ережесін бұзды.
Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» және «Көлік құралын мас күйде жүргізу» баптары бойынша хаттама толтырылып, материал жиналды. Алайда іс әлі сотқа түспеді.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі