jasqazaq.kz

Ақтөбедегі жанжал екі жасөспірімнің өлімімен аяқталды

03 қантар 2024, 16:12

Ақтөбе қаласы маңындағы Қызылжар ауылында топтық төбелес болып, екі жасөспірім мерт болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Полицияға Қызылжар ауылында орналасқан «Алмаз» дүкенінің маңында топтық төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен облыстық прокуратура басшылығы жедел жетеді. Аталған жайтқа сәйкес Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1, 9, 14-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Ақтөбеде полицейлер өліммен аяқталған ұрысқа қатысқандарды анықтап, 6 адамды ұстады. Ақтөбеде төбелес болып, оның төрт қатысушысы медициналық мекемеге пышақ жарақатымен түсті. Біраз уақыттан кейін 2006 жылы туған екі жігіт реанимация бөлімінде жан тапсырды», – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.
Алдын ала деректер бойынша 2 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде кәмелетке толмаған А. мен В. арасында жанжал шығып, нәтижесінде кәмелетке толмаған В. А.-ны келесі күні «Алмаз» дүкенінің маңына кездесуге шақырған.
Сағат 23:00 шамасында топтық төбелес кезінде кәмелетке толмаған А. мен С.-ны пышақтап кеткен. Олар ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан ес жимай көз жұмды.
Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.
«Төбелес ұйымдастырғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі