jasqazaq.kz

Ақтөбедегі боран: тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, 7 бағыттағы автобус тоқтады (Видео)

07 ақпан 2024, 11:20

Ақтөбе қаласында барлық бағытта жол жабық. Сонымен бірге қала маңындағы тұрғын үй алаптарына қатынайтын қоғамдық көлік жүрмей жатыр.

Ақтөбе қаласында қазір ақтүтек борын болып тұр. Бүгін мектеп пен колледждерде сабақ онлайн өтіп жатыр. Сонымен бірге №41, 44, 45, 49, 43, 37, 21 бағыттардағы Өрлеу, Ақшат, Жанақоныс, Бекқұл баба, Сазды, Құршысай, Жаңақоныс тұрғын алаптарына қатынайтын автобустар тоқтатылды.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аумақтарды полиция бақылауға алып, қатынасқа шектеу қойған.

Ақтөбе қаласында боран салдарынан тұрғын үйдің шатыры да ұшып кетті.

— Жел екпінінің күшеюі салдарынан кейбір бау-бақша ұжымдарында электр желісі үзілді. Қазіргі уақытта «Энергосистема» бригадалары жөндеу жұмысын жүргізуде. Әуеқалашығы 1/1 мекежайында тұрғын үйдің шатыры ұшты. Мұнда да жөндеу жүргізіледі, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aktobebardak (@aktobebardak)

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі