jasqazaq.kz

Ақтөбеде қандықол қарақшы бір отбасыны пышақтап кетті (Видео)

11 сәуiр 2023, 23:41

Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен күдікті қамауға алынды. 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13 жасар оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан. Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды. Ал күдікті қылмысын мойындаған. Қарақшылық жасап, бірнеше адамды өлтіргені үшін айыпталып, тергеліп жатыр.

Мұрат Ауғалиев, Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

— Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпау шарасымен қамауға алынды.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі