jasqazaq.kz

Ақтөбеде кепілде болған әйел есін жинады

15 қантар 2025, 14:43

Ақтөбеде кепілге алынған 40 жастағы әйел есін жинады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Kazinform мәліметінше, оны Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургтары мен травматологтары емдеп жатыр.
Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оразжанов: «Ем жүргізіліп жатқанына бір тәуліктен асты. Оған бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылған. Ал травматологтар жарақатын таңып береді. Екі бөлім жауапты болғанымен, нейрохирургияда емін жалғастырады. Көгерген, жырылған жерлері бар. Бүгінгі таңда жағдайы орташа. Сана-сезімі ашық. Сұрақтарға нақты жауап береді. Бүгін не болғанын сұрады. Ол ата-анасының қайтыс болғанын білмейді. Жағдайдың қалай болғанын, не болғанын білгісі келді. Біз ол туралы емес, денсаулығы туралы көбірек айтамыз. Төсектен тұруға болмайды. Жүруге рұқсат еткен жоқпыз. Оның қолында әзірге телефон жоқ. Психологтар да кеше де, бүгін де кездесті. Мұндай диагнозбен 5-7 күн ем алады. Бірақ әрі қарай белгілі болады. Себебі психологиялық жағдайы ескеріледі. Қазір күзет тұр», — деді.

КТК телеарнасының мәліметінше, үш адамды кепілге алған күдікті келіншектің танысы екен. Ол үйге кіре сала, әйелден бастап, оның зейнеткер әке-шешесін аяусыз ұрып-соққан. Есік-терезені жауып, қарттарды пышақтап, жертөлеге қамап тастайды. Қаскөй сөзге көнбеген соң, полиция басып кіруге мәжбүр болған.

JQ-Aqparat

Фото: inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі