jasqazaq.kz

Ақтөбеде электриктер мардымсыз жалақыны көтеруді талап етті (Видео)

10 сәуiр 2023, 23:14

Ақтөбеде жарық тарату мекемесінің жұмысшылары жалақысын екі есеге өсіруді талап етуде. Қазіргі айлығымыз күнделікті ас-суымыздан артылмайды дейді олар. Сондықтан таң атасымен жұмысын тоқтатып қойып, мекеме алдына жиналды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қадырбай Ахметов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Нанның бір көмешінің өзі 220 теңге тұрады. Ал жалақымыз жүз мың теңге. Ол не болады? Айлықты жүз пайызға көтерсін! 20-30 пайыз көтеруге келіспейміз.

Ақтөбедегі электр желілеріне жауапты мекеменің жұмысшылары жалақыға бір жарымай-ақ қойдық деп ашынады. Күнделікті үй аралап түбіртек тарататын бақылаушылардың айына алатыны 80 мың теңге. Ал электрик, монтер небәры 100 жүз теңгені місе тұтуда. Қазіргі қымбатшылық қысып тұрған шақта бұл жалақы азық-түлік алуға жетпейді дейді жұмысшылар. Соңғы рет жарық тарататын мекемеде жалақы екі жыл бұрын көбейген. Ол кезде де жұмысшылардың жаппай наразылығынан кейін айлық 20 пайызға көтеріліпті. Ал бұл жолы жағдай бірден шешілмейтін сияқты. Себебі, осы компанияға жаңадан келген басшы қаржылық жағдайды түсініп алуға екі апта уақыт сұрап отыр.

Ержан Жексембинов, «Энергосистема» ЖШС бас директоры:

— Маған кішкене уақыт беріңіздер. Осы айдың аяғында, бірекі апта ішінде осының бәрін мен айналысып, іштегі түбегейлі түсініп, оған жоспарын жазып, соны сіздерге кездесіп баяндауға дайынмын. Бірақ қазір бүкіл еліміздің ішінде коммуналдық мекемелердің айлық деңгейі төмен екені бәрімізге белгілі.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі