jasqazaq.kz

Ақтөбеде екі жігіт суға батып кетті

07 маусым 2023, 14:09

Ақтөбе қаласында кеше кешкі мезгілде 2003 және 2004 жылы туған екі жігіт суға батып кетті. Марқұмдардың мүрдесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен тапқан. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы ауданы, Ақжар-1 ауылының маңындағы көпірде екі адамның суға кетіп қалғаны туралы хабар түседі.
«19 және 20 жастағы азаматтардың денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша олар рұқсат етілмеген жерге суға шомылған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 3 бозбаланы ағыс алып кеткені белгілі болды. Біреуі өз күшімен жағаға шыққан. Алдын ала белгілі болғаны –16 жастағы жасөспірімдер жүзу білмеген. Сүңгуірлер сағат 16:30-да жағадан 100 метр, тереңдігі 3,5 метр болатын жерден жасөспірімдердің денесін шығарды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 4 маусым күні де 39 жастағы ер адам Елек өзенінің рұқсат етілмеген тұсынан суға түсемін деп ажал құшты. Соңғы 10 күн ішінде Ақтөбе облысында 8 адам суға бату дерегі тіркелді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі