jasqazaq.kz

Үйленгісі келген: Ақтөбеде дәрігер қызды өлтірген қылмыскер 22 жылға сотталды

11 қазан 2024, 13:51


Ақтөбеде дәрігер қызды зорлап, пышақтап өлтірген іске қатысты үкім шықты. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өзін ұстамақ болған полиция қызметкерін де пышақпен жарақаттаған, деп хабарлады Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай биыл 22 сәуірде болған. Жігіт өзінің ұсынысын қабыл алмаған қыздың пәтеріне балкон арқылы кіріп, зорлап, пышақтап өлтірген. Содан кейін балконнан секіріп, қашып кеткен. Оқиға орнына келген полиция қызметкері оны ұстамақ болған. Бірақ ол полиция қызметкеріне де пышақ сұғып, қашып кеткен.

«Сотталушы Е үйге заңсыз кіргенін және өзі үйленгісі келген қызды өлтіргенін мойындады. Өзіне тағылған басқа айыпты мойындаған жоқ. Қызды зорламағанын және өзін қуған адамның полиция қызметкері екенін айтты», — делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық өтемақы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

Сурет: Depositphotos.kz
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі