jasqazaq.kz

Ақтөбеде ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды

10 шiлде 2025, 10:51

Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінің әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр. 

inform.kz хабарлағандай, оқиға 7 шілде күні болды. Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталин 30 маусым күні еңбек демалысына шығып кеткен. Оқиға да сол кезде болып тұр. Аудан әкімі телефон арқылы байланыса алмағанын, ауруханада жатқанын естігенін ғана мәлімдеді.

— 7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына 47 жастағы ер адам түсті. Қазір жағдайы тұрақты, жалпы палатада ем қабылдап жатыр. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 95-бабына сәйкес диагноз дәрігерлік құпия. Келісімсіз жариялауға тыйым салынады. Науқас келісім бермеді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі бойынша сот алды тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қазір мән-жай анықталып жатыр.

 Фото: Kazinform

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы