jasqazaq.kz

Ақтөбеде әлеуметтік газды жасырын сатқан қылмыстық топ ұсталды (Видео)

06 ақпан 2025, 11:07

Ақтөбеде қылмыстық топ жалған құжат жасап, 12 вагон сұйытылған газды сатпақ болды. Олар мұнай-газ компаниясының қызметкерлері болып шықты.

Ақтөбе облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, прокуратура мен ҰҚКД әлеуметтік газды ұрлап, сатпақ болған күдікті топты ұстады. Олар газ өңдеу компаниясының жұмысшылары болып шықты. Алдымен газдың құрамын тексеріп, оны жарамсыз деп таниды. Кейін жинап, сатуға кіріскен.

— Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі