jasqazaq.kz

Ақтөбе: Темір ауданында су тасқынынан келген шығынды анықтау үшін комиссия құрылды

26 наурыз 2024, 22:33

 

Ақтөбе облысының Темір ауданында су тасқыны келтірген материалдық шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия жасақталды.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Темір ауданында су басқан Шұбарқұдық ауылына барды. Өңір басшысы төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралап, ахуалмен танысты.

Қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық су тасқынына қарсы штаб мәліметінше, 5 үйге су кірген, 7 көшені және 34 ауланы су басқан.

Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілермен қосқанда, 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу ісі қарқынды.

Сондай-ақ  көмекке Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері келді. 5 бірлік техника және 8 су соратын мотопомпа жеткізілді.

Өңір басшысы тұрғындармен кездескенде арнайы комиссия жұмыс істеп бастағанын, төтенше жағдай жарияланбаса да, үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі