jasqazaq.kz

Ақтөбе облысындағы ауруханалар өлген адамдардың атынан пайда таппақ болған

07 тамыз 2024, 10:06

Ақтөбе облысындағы ауруханалар тіпті өлген адамдардың атынан пайда таппақ болған. Медициналық қызмет көрсетілген науқастар тізіміне олар марқұмдарды да қосып қойыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Прокурорлар Алға ауданындағы аурухана басшыларының қылығынан шошынып отыр. Былтыр шілдеде қайтыс болған тұрғынды олар үш ай ішінде құжат жүзінде қайта «тірілткен». Марқұм өз аяғымен келіп, медициналық тексеруден өтті деп көрсетіпті. Ал есепте тұрған 74 науқасқа тиісті медициналық тексеру жүргізілмеген. Жүрек, қан қысымы дертімен ауыратын 36 науқасқа тегін берілетін дәрі-дәрмек те берілмеген. Ақыры құқық қорғаушылардың тексеруінен соң ғана емделу мен тексеруден қағылағандарға көңіл бөлген.

Өркен Ещанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

— Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуынан кейін ғана заңбұзушылықтар жойылып, жүзден астам адам қажетті дәрі-дәрмекпен және қызметпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қайтыс болғандарға медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Көрсетілген медициналық қызметтер санын асыра бағалау мақсатында бұл деректер базасына енгізілді.

JQ-Aqparat

Сурет: q13fox.com

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі