jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында үш ауыл жарықсыз отыр

25 сәуiр 2023, 14:19

????????????????????????????????????

Ақтөбе облысының Ырғыз, Шалқар аудандарындағы үш ауылда жарық 10 күннен бері жоқ. Бораннан құлаған бағаналарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ырғыз ауданына қарайтын Жаныс би, Шеңбертал, Шалқар ауданындағы Тұмалыкөл ауылында электр желілер үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды.

«Ауылдарды резервтегі желіге қосамыз. Жаныс би ауылындағы ішкі желілерді қайта тексеріп шығып, кешке электр тогын бермекпіз. Шалқардың Тұмалыкөл ауылында 10 адам, 4 техника жұмылдырылған. Онда 42 бағана құлаған. Бәрі қайта орнатылды. Ауылдардағы әлеуметтік нысандарға генератор қосылды. Ал халық жарықсыз отыр. Жөндеу жұмысына ауа райы кері әсер етті. Жел күшейген кезде кранмен жұмыс істеу қауіпті. Бағаналар орнатылғанымен, сымын тарту қиындық туғызды», — деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев облыс аумағын жарықпен қамтитын электр желілерінің 74 пайызы тозған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі