jasqazaq.kz

«Ақтөбе» футбол клубының қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген ақшаны өз қажетіне жұмсаған

30 сәуiр 2025, 12:48

Ақтөбе облыстық прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Ақтөбе футбол клубының қызметін тексерді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бас прокуратураның Телеграм-каналында жазылғандай, клубта 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.
Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау бар. Сондай-ақ ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажетіне жұмсаған.

Тексеру қорытындысы бойынша, облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
Істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі