jasqazaq.kz

Ақтаудағы қонақ үйдің Қаракөлге кәріз суын ағызғаны расталды

11 қантар 2024, 15:20

Ақтаудағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі аққудың қырылуына қатысты түсінік берді.

Lada.kz хабарлағандай, «Rixos Water World Aktau» менеджері Серік Исағалиев Қаракөлге тазарған кәріз суының құйылып келгенін растады. Оның мәлімдеуінше, орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ болғандықтан, қонақ үй салынып жатқанда тазартылған кәріз суын көлге жіберу жөнінде шешім қабылданып, бекітілген. Ол қажетті рұқсат қағаздары бар екенін де айтты.
«Су тазартылады. Біріншіден, пайдаланылған су 250 текше метрлік екі жинақтау ыдысына құйылып, онда бактериялармен өңделеді. Келесі кезеңде сүзгіден, мембранадан, химиялық тазартудан өтеді. Содан кейін тазартылған су резервуарға құйылады. Сол жерден біз оны Қаракөлге ағызамыз», — дейді қонақ үйдің бас менеджері.

Оның айтуынша, 2023 жылы қонақ үй орталық кәріз жүйесіне қосылыпты. Қазір ғимарат ішінде қайта құрылымдау жұмыстары жүріп жатыр. «Алдағы бір-екі аптада біз орталық кәріз жүйесіне қосыламыз, сол кезде Қаракөлге су ағызбаймыз», — дейді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі