jasqazaq.kz

Ақтауда мүгедек баланы теңіз жағасына апарып зорлаған: Тың мәліметтер пайда болды (Видео)

13 ақпан 2025, 11:38

Сурет: Видеодан кадр

Ақтауда I топтағы мүгедек баланы теңіз жағасына апарып зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр. Қылмыс болғалы қырық күн өтсе де, ешкім ұсталған жоқ дейді жәбірленушінің анасы, — деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлердің жұмысына көңілі толмаған ана облыстық прокуратураға арыз жазған. Ал зәбір көрген жасөспірімнің жүйкесі сыр беріп, ашуланшақ болып кеткен көрінеді.

Оразгүл Қонысова, жәбірленушінің анасы: — Кінәлі адамды тауып берсе, қарапайым халықтан көмек сұраймын. Өтініп сұраймын. Маған психиатр сарапшы керек, баламның өзінен сұраса. Шын болған, анық болған затты баламның өзінен естісе. Ол кісі баламды зорлап, айқайлай бердім, көмек сұрағым келді. Мамама айтып берем дедім. «Әйелім жоқ, бала-шағам жоқ, енді сізді зорлаудан басқа амалым жоқ» деді. «Бір адам болды» дейді. Жас шамасын айта алмайды. Сақалы бар деген. Кастюм-шалбар киген, ақ джип машинада деген.

Оқиға былтыр 27 желтоқсанда болған. Аялдама досын күтіп тұрған мүгедек баланы белгісіз біреу көлікке отырғызып алып кеткен. Кейін қаладан шалғай жердегі теңіз жағасына апарып, көлік ішінде арам пиғылын жүзеге асырыпты. Тіпті зорланған баланы сонда қалдырып кеткен. Ес-түсін жоғалтып алған жасөспірім жолдан такси ұстап, үйіне әрең жеткен. Сол күні полиция бөлімшесіне ұлын ертіп барған ананың арызы қабылданбапты. Екі күн өткен соң проктолог дәрігерлер «сараптама жасауға кеш қалдыңыздар» деп шығарып салған. Содан бері 40 күн өтсе де, күдікті әлі белгісіз. Алайда Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді. Тіпті бақылау камераларын қарап, сараптама тағайындадық дейді.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы: — ҚР ҚК 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерттеліп жатыр.

 

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды