jasqazaq.kz

Ақтауда ақхалаттылар ауызашарда астан уланды (Видео)

13 сәуiр 2023, 9:00

Ақтауда дәрігерлер жаппай астан уланды. Ұшынып қалған 16 дәрігер қаладағы белді қонақ үйдің мейрамханасында ауыз ашқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ауызашарға шақыртылған қонақтардың арасында аудандар мен қаладағы медициналық мекемелерде жұмыс істейтін 50-ге жуық дәрігер болыпты. Олардың 16-сы кешкі астан кейін аурухана түскен. Қазір астан уланғандардың тең жартысы емделіп жатыр. Барлығының жағдайы орташа дейді инфекционистер. Денсаулық сақтау басқармасындағылар уланған дәрігердің әрқайсысында емдеп жүрген жүзден аса науқас бар дейді. Сондықтан бұл жағдай оларды әбігерге салып отыр. Қонақ үй басшылығы аталған жағдайға қатысты тексеріс басталғанын жеткізді.

Гүлбану Нұржанова, Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

— 16 науқас келіп қаралды. Олардың ішінде 10 адамды біз ішек инфекциясы, гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқыздық. Алтауында жеңіл түрде болған соң, оларды амбулаторлық емге жолдадық. Оларың бәрінде де ішек инфекцияларының клиникалары болды. Іші бүріп ауырған.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата