jasqazaq.kz

Ақтау және Алматыда есірткі сату арналары жойылды

15 қантар 2025, 8:58

Қаңтарда Маңғыстау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын сату арналарын жойды, – деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Polisia.kz. мәліметінше, кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде он килограмға дейінгі марихуананы Ақтау қаласында сатудың кезеңдік сызбасы құжаттандырылды. Іздеу іс-шаралары қаланың әр түрлі жерлерінде, пәтерлерде және адам тұрмайтын үй-жайларда жүргізілді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы — 200 килодан астам. Ақтаудың төрт тұрғыны және еліміздің оңтүстік өңірінің бір тұрғыны қамауға алынды.
«Осындай әдіспен Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері де жедел әзірлеме жүргізді. Соның нәтижесінде оңтүстік астананың тұрғыны ұсталып, оның тұрғылықты жері бойынша аса ірі көлемде мефедрон және марихуана тәркіленді», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Әрмен қарай жүргізілген іс-шаралар барысында Алматы облысында есірткі зертханасы қызметінің жолы кесілді. Онда синтетикалық есірткі өндірісінде пайдаланылатын 600 литрден және 100 кг астам әртүрлі прекурсорлар тәркіленді. Осылайша 100 кг астам синтетикалық есірткіні дайындауға және сатуға жол берілген жоқ.
«Жедел іс-шаралар жалғасуда, аталған фактілерге қатысы бар басқа да адамдар анықталуда. Осы бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», – деді Қуандық Алпыс.
JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту