jasqazaq.kz

Ақтау түбіндегі AZAL ұшағының апатқа ұшырау себебі келесі аптада жарияланады

24 қантар 2025, 14:14

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 25 желтоқсанда болған Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада жария етілетінін жеткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Үкімет үйінде өткен брифингте вице-премьер: «Қазір тексеру жүріп жатыр. Көлік министрлігі жанынан құрылған арнайы топ бар. Оның ішінде біздің сарапшылар , Ресей мен Бразилия мамандары, ICAO тарапынан Нидерланд елінің бір өкілі бар. Қазір «қара жәшіктің» дыбыс деректерін қарап жатыр.

Ұшақтың режимдерін қарап оларды сәйкестендіреді. Әрине, ол біраз жұмыс. Өйткені оны дәлелдеу үшін тексеру жасайды. Олардың дауысы ма, басқа дауыс па деген сияқты. Қай минутта, қай секундта кім не айтқанын, кімнің қандай пәрмен бергенін зерттейді», — деді.

ICAO стандарты бойынша әуе апатының алдын ала себептері бір айдың ішінде жариялануы тиіс.

«Осы мәселелердің бәрін келесі аптада бітіреді деп ойлаймын. ICAO талаптарына сәйкес, бір айдың ішінде алдын ала қорытындыларды жариялау керек. Сол ұсынымдарға сүйенсек, келесі аптада біздің жауапты министрлік тиісті ақпаратты береді», — деді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ ол бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған материалдар (расшифровка) «қара жәшіктегі» деректерден ерекшеленетінін атап көрсетті.

JQ-Aqparat

Фото: ulysmedia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі