jasqazaq.kz

Ақтау портының акваториясында тереңдету жұмыстары жүргізіледі

09 мамыр 2025, 18:51

Маңғыстау облысындағы Ақтау портының акваториясында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Түбін бір жарым-екі метрге тереңдету жоспарлануда.

Мамандар ірі еуропалық Jan De Nul компаниясының мамандандырылған тереңдету техникасын тартады. Тереңдету жұмыстары терминал қуатын және инвестиция көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Ақтау портының өткізу қабілеті шамамен 15 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 140 мың ЖФЭ.

Биылғы мамыр айында арнайы техниканы жұмылдыру жұмыстары аяқталады. Тереңдету жұмыстарын биылғы жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

Аталған жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында қабылданып жатқан кешенді шаралардың бір бөлігі.

TКХБ бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 3,5 есеге өсіп, 25 мың ЖФЭ құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде 7,2 мың ЖФЭ).

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі