jasqazaq.kz

Ақтау: Есірткі жарнамасы бар 645 граффити өшірілді

12 қараша 2024, 10:22

Ақтауда полиция 400-ге жуық есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті. Есірткі қылмысы – ғасыр дерті. Онымен күресу – еліміздегі басты мәселелердің бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы да 2022 жылғы Жолдауында нақты тапсырмалар берген болатын.
Polisia.kz хабарлағандай, Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жыл басынан бері 386 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті. 87 қылмыстық іс тіркеліп, 90 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 10 ай ішінде заңсыз айналымнан 111 келіден астам есірткі тәркіленді. Есірткімен күресті күшейту, қылмыстың алдын алу бағытында 656 профилактикалық іс-шара өткізіліп, Ақтау қаласында 645 граффити-жазу өшірілді. Бұдан бөлек, есірткі заттарын жарнамалау, сатумен айналысатын 506 интернет-сайт бұғатталды. Заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғамды бірге қалыптастыру үшін әрбір қазақстандық бұл мәселеге бейжай қарамауы тиіс.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі