jasqazaq.kz

«Ақша тап та, өзің асыра». Фариза Алмазова Нұрсұлтан Жақсыгеннің 8 ай алимент төлемегенін жария етті

20 мамыр 2025, 13:15

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі, блогер Фариза Алмазова әлеуметтік желіде өз қынжылысын білдірді. Ол балалардың әкесі 8 айдан бері алимент төлемегенін жазды:
”Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым”.
Фариза актердің алдағы уақытта да алимент төлемейтінін айтқан жазбасын да көпшілік талқысына ұсынды.
Нұрсұлтан Жақсыген: «Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазыпты.


Еске сала кетейік, елімізде алимент төлемейтіндерге жаза қатаң. Қылмыстық кодекске сәйкес, төлемді үш ай кешіктірген борышкер 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Сондай-ақ
бас бостандығын екі жылға дейін шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
JQ-Aqparat
Сурет: ғаламтор

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы