
«Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары орындалды.

Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізіп, келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.
JQ-Aqparat