jasqazaq.kz

Ақниет шағынауданында бес көше жөндеуден өтеді

22 мамыр 2023, 19:57

Шымкент қаласы Ақниет шағын ауданында 5 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген.

Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 21 көшенің қазір екеуі ғана жарықтандырылғандықтан, 2024 жылы Сырғалы және Мейірімді, ал 2025 жылы Рауғаш, Асқартау, Сардар, Шағала, Ақбиік көшелері жарықтандырылады деп күтілуде.

Одан бөлек, Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы асфальт, 25,7 шақырымы тас жол және 4,3 шақырымын топырақ жол құрайды. Биылғы жылы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Әл-Фараби ауданында 22 көшеге ораташа жөндеу және 14 көшеге шағал тас төсеу бойынша жұмыстар атқарылады.

Сонымен қатар, шағал тас төсеу үшін Сәуле шағын ауданындағы атауы жоқ 14 көше ұсынылды. Шымкенттің оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолындағы жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.

Қазір мұнда бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстарын аяқтауға 3 ай мерзім берді. Айта кетейік, Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Ақниет шағын ауданында бүгінде 3 140 халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 721 жеке секторлы үй, 3 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 талшықты интернет орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.

Мерей Әлімбек

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында