jasqazaq.kz

Ақмола өңірінде оқушылар бір аптадан бері мектепке бара алмай жүр (Видео)

10 сәуiр 2023, 23:51

Ақмола облысында Сарқырама өзені тасып, Арбузинка ауылының жолын шайып кетті. Сыртқа шыға алмай қалған 200-дей тұрғын о дүниелік болған жерлестерін ақтық сапарға қайықпен аттандыруға мәжбүр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мәйітті арғы бетте қалған зиратқа жеткізу үшін ескекті қайыққа салып жібергенімен, көпшілігі сыртта жанын шүберекке түйіп тұр. Өйткені қалт-құлт еткен ескі қайық қырық жамау. Сарқырама өзені жанай өтетін Арбузинка ауылының тұрғындары жыл сайын көктемде көретін күніміз осы деп отыр. Бір аптадан бері 30 оқушы да көрші ауылдағы мектепке жете алмаған. Мұнда медицина пункті де жоқ. Сандықтау ауданының шенділері қолдан келер қайран жоқ, 200 метрге жететін көпір салуға кемінде 1 жарым миллиард теңге қажет дейді. Сондықтан, күн жылынып, су ағып кеткенін күткеннен басқа амал жоқ.

Әсет Жанғожин, Сандықтау ауданы ТЖБ бастығы:

— Арбузинка ауылы биік жерде тұрғандықтан, үйлерге су кірген жоқ. Сарқырама өзеніндегі мұз еріген кезде жылда осындай жағдай орын алады. Тұрғындар азықтүлікпен қамтамасыз етілген. Қазір су деңгейі ақырын төмендеп келеді. Соңғы тәулікте ағын су 20 сантиметрге түсті. Қажет жағдайда қайықпен тасымалдаймыз.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата