jasqazaq.kz

Ақмола облысының көкнәр тұқымын сатқан екі тұрғыны 10 жыл арқалады

15 ақпан 2024, 12:53

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азық-түлік дүкендерінің 2 иесін апиын мен кептірілген көкнәр сабанының тұқымын сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Дүкен иелері көкнәр тұқымын Көкшетау қаласының есірткіге тәуелді тұлғаларына әр келісін 10 мың теңгеден сатқан.
Екі дүкенді тінту барысында 50-ден астам қап көкнәр, 500-ден астам химиялық сұйықтық бөтелкелері және 1 мыңнан астам медициналық шприцтер, есірткі саудасынан алынған ақша аударымдары тіркелген кассалық журналдар тәркіленді.
Ақшалай есептегенде тәркіленген өнім 30 миллион теңгеге бағаланады.

Қылмыстық істе қатысушы прокурордың өтініші бойынша қылмыстық жолмен алынған 1 млн теңгеден астам ақша тәркіленді. Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды азық-түлік көкнәрінің үлкен көлемде сату фактілерін анықтаған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі