jasqazaq.kz

Ақмола облысындағы бұрынғы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты

17 қараша 2024, 11:20

ТЖМ: Көрнекі сурет

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Сабынды ауылындағы бұрынғы ауылдық мешіт ғимаратында болды.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарды. Жалпы ғимаратта жеті газ баллоны болған.

Оқиға салдарынан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Үйінді астынан құтқарушылар 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған баланың денесін тапты.

«Қазір құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 30-ға жуық адамы мен 5 бірлік техникасы, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, оның ішінде психологтар, қаланың кинологиялық қызметі бар», — деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі