jasqazaq.kz

Ақмола облысында есірткі сатқан мектеп жаттықтырушысы 10 жылға сотталды

24 сәуiр 2024, 11:53

Аршалы ауданының Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің шаңғы спорт жаттықтырушысы есірткі заттарын заңсыз сатқаны үшін сотталды.

Ақмола облысы соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Астана қаласынан Аршалы ауданында сату мақсатында есірткі тасымалдау кезінде ұсталған. Оның автокөлігін тінту кезінде жүк салғыштан жалпы салмағы 39 кг-нан асатын 4 пакет гашиш табылып, тәркіленді.

Осылайша, ер адам Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3 бөлігі 3 бөлімшесі бойынша (есірткі заттарын, сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) қылмыс жасаған.

Сотталушының кінәсі оның автокөлігін тінту және есірткі заттары салынған пакеттерді алу хаттамасымен, сарапшылардың қорытындыларымен, тіркелген қоңыраулары бар ұялы телефонды тексеру хаттамасымен, бейнекамералардың жазбаларымен, тінту хаттамаларымен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән – жайларды, яғни, сотталушыда кішкентай балаларының барын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

«Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен ер адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тәркіленген есірткі құралдары жойылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деді ведомстводан.

inform.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі