jasqazaq.kz

Ақмола облысында «дропперлерден» 84 млн теңге өндірілді

05 қараша 2024, 15:06

Соңғы кезде қаскөйлер қылмыстық мақсатта пайдаланатын «дроппер» деп аталатын алаяқтық фактілері белең алды.

Көбінесе бұл адамдар өздерінің іс-әрекеттері қылмыспен байланысты екенін ашпай, оңай ақша табуға уәде береді.
Негізгі схемаларға қаржылық операциялар кіреді, мұнда «дроппер» заңсыз алынған ақшаны алаяқтарға, соның ішінде шоттары арқылы алады және аударады, банктік карталарды немесе қаржы жүйелерінің шоттарын береді, осылайша нақты қылмыскерлердің іздерін жасырады.

Мұндай фактілердің жолын кесу үшін Бас прокуратура мен Жоғарғы Сот ҚР АК 953-бабы тәртібінде негізсіз байытуға байланысты «дроппер» ақша қаражатын өндіріп алу тетігін әзірледі.

Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша жалпы сомасы 84 млн теңгеге талаптарды қанағаттандыру туралы 64 шешім шығарылды Облыс соттарында осыған ұқсас 50 өтініш қаралуда.

Бұл ретте, «дроппер» алаяқтыққа тікелей қатысы анықталған жағдайда, олар қатысушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Алаяқтықтан басқа, есірткі сатудан алынған ақшаны жылыстату үшін азаматтардың банктік шоттарын қолдану фактілері болуы мүмкін. Бұл жағдайда азаматтар аса ауыр қылмысқа қатысушы болады.

Мұндай схемаларға қатыспау үшін «жеңіл» жұмыс ұсыныстарына абай болып, жеке банк деректерін бермеу керек және күдікті ұсыныстар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған дұрыс.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде