jasqazaq.kz

Ақерке Бүркітбай: Декреттің алғашқы айы жеңіл болмайды

16 мамыр 2023, 11:15

Биыл ана атанған «Асыл» тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай босанудан кейінгі күйзеліс жайлы сөз қозғады. Роза Рымбаеваның келіні Instagram желісінде оқырмандарымен жан сырын бөлісті.

«Декреттің алғашқы айлары, әсіресе, бірінші мәрте ана болған әйелге жеңіл болмайтыны анық. Қол-аяғың енді жеңілдеп, бауырыңа алған жаңа өмір иесінің алғашқы күндерінен бастау алатын шақты мен де басымнан өткіздім. Енді жұмысқа шықпайтындай, артық салмақ осылай қалып қоятындай, көңіл-күйің әрдайым құбылып, көз жасыңа ерік беріп, ойың сан-саққа шашырап, не істеп жүргеніңді өзің түсінбей қаласың кейбір сәтте», — деп жазды Ақерке Бүркітбай. Сонымен қатар әнші аналарға декреттік демалысқа басқа қырынан қарауды ұсынды. «Алайда, әр жағдайға басқа қырынан қарап көрсек, бәрі де өзгеріп сала береді екен. Дәл осы декреттік демалысқа «Мен үйде қалып қойдым. Бүкіл әлем дамып жатыр. Ал менің отырысым мынау» деп емес, «Ана болу әрбір әйел адам үшін — өзіндік даму» деп қарасақ болады. Ол кезең ана атанған әр әйелдің басынан өтеді. Мен де ана болудың алғашқы кезеңін басымнан өткерудемін. Уақыт зымырауда. Балапанымыз Алла қаласа, көзімізді ашып-жұмғанша өсіп кетеді. Cол үшін дәл осы балапанымыздың әр қылығына тамсанып, былдырлап сөйлегенін көріп әрі уақытымызды дұрыс ыңғайластырып, дамуды шегермеуді үйрену керек. Декреттік демалысты мүмкіндік пен өмірімізді жоғары деңгейге шығаратын кезең ретінде қабылдап, уақытты оңынан пайдалану — өз таңдауымыз», — деді Ақерке Бүркітбай.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі