jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова ұлының ажырасып кеткенін айтты

28 сәуiр 2023, 13:22


Әнші Ақбота Керімбекова отандық бағдарламада тұңғыш ұлының да некесі сәтсіз аяқталғанын айтты. Әнші ұлы Біржанның отбасын сақтап қалу үшін барын салғанын айтады. Бағдарламаға қатысқан өнер иесінің ұлы Біржан Шалқарұлы жеке басына қатысты сұрақтарға өзі жауап беруді жөн көрді.
“Анам да, әжем де некемді сақтап қалуға тырысты. Бұрынғы әйеліммен сәйкес келмейтінімізді түсіндік. Иә, мектеп жасынан бері бір-бірімізді жақсы көрдік, кездестік, десе де жас болған шығармыз. Тағдырдың жазғаны солай. Ортадағы бала үшін де бірге тұрып көрдік. Бірақ менің жолым бөлек, ол кісінің жолы бөлек. Қызыммен бос уақытымда кездесіп тұрамын. Баламен көрісу туралы өзара келісімге келгенбіз. Қандай жағдай болмасын, мен ол қыздың әкесімін. Қызым үшін, болашағы үшін қолыман келгенін аянып қалмаймын”, – дейді Біржан.
Ақбота Керімбекова немересінің өнерге жақын екенін айтып, көңілі марқайып қалды. Әнші өзінің қандай әже екенін айтты.
“Мен қаңғыбас әжемін. Анда-мында жүреміз, жұмысым сол. Немереме айына 2-3 рет барып, уақыт табуға тырысамын. Күнделікті жұмыс, екі ұлымды үйлендіру керек, кіші баламның оқуы бар. Той-томалағымыз, концертіміз бар. Сыртта көп жүреміз”, – дейді Ақбота Керімбекова.
JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі