jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова: Атақтың қалай алынатынын түсіндім

02 мамыр 2023, 16:00

Отандық әнші Ақбота Керімбекованың әлі күнге «Еңбек сіңірген әртіс» атағын алмағанын әріптесі Жеңіс Ысқақова отандық бағдарламаның бірінде айтып берді.

«Осы бағдарламаны пайдаланып, жүрекжарды ұсынысым, әңгімемді айтқым келеді. Ақботаны халық бағалайды. Әріптестер бағалайды. Бірақ өзіне тиісті бағасын ала алмай жүрген сияқты. Мәдениет министрлігіне айтатыным, көп жылдан бері халықтың қалаулысы болып, сүйіктісіне айналған әншілердің өзіне керекті бағасын беріп тұрсаңыздар екен. «Еңбек сіңірген әртіс» деген атағын ала алмай жүр», — деді Жеңіс Ысқақова.
Ал Ақбота Керімбекова «Еңбек сіңірген әртіс» атағының болмағанына өкінбейтінін жеткізді. «Менде ондай өкініш жоқ, Алла куә. Мұндай өкініш әріптестерімде бар шығар. Үйде анам да «Қызым, қанша концерт беріп жүрсің, қаншама ән жаздырып жатырсың, бір елемей ме сені» деп айтып қалады. Анық атаққа, дүниеге қызықсам, барлығы менің қолымнан келетін еді. Мұның астары маған қызық емес. Маған халықтың берген бағасы, «халықтың Ақботасы» боп жүргенім мың есе артық па деп ойлаймын. Кезінде «Гүлдер» ансамблінде жұмыс істеп жүргенде «Сені атаққа ұсынайық» деп айтты. Сосын, жасыратыны жоқ, «жоғарыда көкелерің бар ма» деді. Менде бір Алладан басқа көкем де, тәтем де жоқ. Содан кейін атақтың қалай алынатынын түсіндім. Кейде хабарласып «Осыншама ақша берсең, осындай атаққа ілінесің» деген сияқты ашық ұсыныс болды. Мұны өнердегі әріптестерімнің бәрі біледі. Шынымен еленіп, ескеріліп жатқан әншілер де бар. «Оның бәрі сатылады» деп ойлап қалмасын. Жалпы айтып жатқаным ғой», — деді Ақбота Керімбекова.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура