jasqazaq.kz

«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)

25 желтоқсан 2025, 15:12

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып-соқты деген күдікке ілінген ер адамға қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғаға байланысты айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков пікір білдірді. Ақын ата-анаға деген қатыгез қарым-қатынастың еш жағдайда ақталмайтынын айтып, қазақы дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарға тоқталды.

«Қазақта бір терең мағыналы сөз бар: “Әкең жынды болса, байлап бақ”. Бұл — дөрекі айтылғанымен, астарында үлкен тәрбие жатыр. Әкенің тағдыры әртүрлі болуы мүмкін: ол өмірде адасқан шығар, дінге келмеген болар, мінезі қиын, тіпті ішімдікке салынған болуы да ықтимал. Ана мен әкенің арасында кикілжің, түсінбеушілік болуы мүмкін.
Бірақ осының ешқайсысы баланың ата-анасына қатал, қатігез қарым-қатынас жасауына себеп бола алмайды. Перзент үшін ең бастысы — әке мен ана қандай жағдайда болса да, оларға көркем мінезбен, құрметпен қарау.
Қазақтың “байлап бақ” деуі — зорлық жаса деген сөз емес, керісінше, қамқор бол, жауапкершілікті сезін, ата-анаңды қорлама, оларға перзенттік мейіріміңді көрсет деген ұғым. Сондықтан біз ата-анаға деген кез келген қатал, қатігез қарым-қатынасты дұрыс емес деп айтуымыз керек. Бұл — ұлттың да, тәрбиенің де өзегі», – деді Мұхамеджан Тазабеков.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында 40 жастағы ер адам мен оның жұбайы қарт әкені ұзақ уақыт бойы балаларының көзінше ұрып-соғып, аулада сүйреп жүргені белгілі болды. Мұндай сұмдық көріністі көршісі видеоға түсіріп алған. Алайда зейнеткер қайтыс болғаннан кейін ғана бейнематериалдар жарияланып, полицияға арыз түскен.
Тергеу барысында марқұмның өліміне нақты не себеп болғанын анықтау үшін эксгумация жасалып, мәйіт қайта қазып алынған. Нәтижесінде күдіктіге екі бірдей ауыр айып тағылды: дәрменсіз адамды азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жазасын колонияда өтеуі мүмкін.
Сонымен қатар қоғамда күдіктінің мешітте жұмыс істегені туралы ақпарат тарады. Бұл мәселеге өңірдің бас имамы жауап беріп, ресми түсініктеме берген болатын. Ал ер адамның асаба болғаны белгілі болғаннан кейін, жұртшылықтың ашу-ызасы тіпті күшейе түсті.
Қылмыстық іс бойынша тергеу үш айға созылды. Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу аяқталды. Барлық материалдар сотқа жолданатын болады.

Олжас Әбдіхалық

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде